Су тасқыны кезінде Батыс Қазақстан облысында 1 591 бас мал өлген

108
04.04.2024 16:17

Батыс Қазақстан облысында қызыл судың салдарынан 1 591 бас мал өлген. Оның 139-ы ірі қара, 39-ы жылқы, 1 413-і қой-ешкі болса, 112-сі үй құсы. Құтқару жұмыстары барысында 1 431 ірі қара, 2 мыңнан астам ұсақ мал және 33 бас жылқы қауіпсіз жерлерге шығарылған. Ауыл шаруашылығы министрлігі су тасқынынан мал басы шығын болған тұрғындарға өтемақы жергілікті бюджеттен төленетінін мәлімдеді.