Мақтааралдық шаруа «Ауыл аманаты» арқылы жылыжай шаруашылығын бастаған

85
10.04.2024 16:35

Мақтаарал ауданы елімізге ақ алтын мен бау-бақша дақылын шығарумен әйгілі. Дегенмен өңір шаруалары қазір агро салада пайдалы кәсіпке бет бұрып келеді. Оған «Ауыл аманаты» ұлттық жобасының әсері оң. Мырзашөлдік шаруа 2,5 пайыздық несиеге қол жеткізіп, аймақта жылыжай шаруашылығын дамытып отыр. Мемлекеттен қолдау тауып, кәсібін дөңгелетіп отырған жанмен тілшіміз сұхбаттасып қайтты. Сюжет көрейік.

Талғат Кеншінбаев – Мақтаараал ауданы, Иіржар ауылдық округінің тұрғыны. Шаруа 2023 жылы "Ауыл аманаты" ұлттық жобасы арқылы 2,5 пайызбен 8 млн теңге көлемінде несие алып, жылыжай шаруашылығын бастаған. Бүгінде үйіргелік 5 соттық жылыжай аумағында қиярдың алғашқы өнімін сатылымға шығарды.