Автокөлік алаяқтары ұсталды

61
11.04.2024 17:13

Елімізде автокөлік төңірегінде де алаяқтық азаймай тұр. Астанада 115 адамды 1 млрд 600млн теңгеге алдап кеткен. Елордалық полицейлер 3 күдіктіні қолға түсірді.  Ұсталғандар астаналықтар мен басқа облыстардың тұрғындарына автокөлік несиесін берген. Сонымен қатар, олар Ресейге кепілге қойған көліктерін иелерінің де, банктердің де келісімінсіз сатқан. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 1млрд 600млн теңгені құрады. Айта кетейік, ақпан айында Астанада жалған автокөлік несиесін беріп, азаматтарды алдап, ақша алған екінші күдікті ұсталды. Тергеушілердің мәліметінше, 2021-2022 жылдары қаскөйлер 231 адамды 2млрд 900млн теңгеге алдап үлгерген.