«Қарызсыз қоғам» – өте керек жоба

Әртүрлі есеп бойынша шамамен 1,5 млн қа­зақ­стандық банкроттық деңгейінде тұрса, қарызын уа­қытылы төлей алмай жүргендердің саны 6 мил­лион­нан асады екен. Бұған қаржылық сауаттылықтың тө­мендігі тікелей әсер етіп отыр.

«Қарызсыз қоғам» – өте керек жоба
ашық дереккөз

Кейінгі жылдары елімізде қарызға белшесінен батып, алған несиесін төлей алмай жүрген жандар саны күрт өсті. Әртүрлі есеп бойынша шамамен 1,5 млн қа­зақ­стандық банкроттық деңгейінде тұрса, қарызын уа­қытылы төлей алмай жүргендердің саны 6 мил­лион­нан асады екен. Бұған қаржылық сауаттылықтың тө­мендігі тікелей әсер етіп отыр. Осы орайда қоғамда аза­маттардың өз қаржысын тиімді басқару және шы­ғындарын оңтайландыруға үйретудің маңызы зор. 
     
Бұл күрделі әлеуметтік мәселе «AMANAT» партиясының на­зарынан тыс қалмады. Партия Халық банкпен бірге қар­жы­лық сауаттылықты арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» білім беру жобасын қолға алған болатын. 
Аталған жоба туралы Мемлекет бас­шы­сы Қазақстан халқына арнаған биылғы Жол­­­­­дауында ерекше атап өтті. 

– Менің 2019 жылы 500 мың азаматтың ке­­­піл­сіз несиесін кешіру туралы шешімім жә­не жақында қабылданған жеке тұл­ға­лар­­дың банкроттығы туралы заң мәселені бір­­­шама реттеді. Бірақ ахуалды біржола тү­зеу үшін жаңадан жүйелі шаралар қа­был­дау қажет. Сонымен қатар азаматтардың қар­жы сауатын арттыру өте маңызды. Бұл рет­те «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қо­ғам» жобасын ерекше атап өту қажет. Со­ның арқасында еліміздің 8 аймағында 20 мыңнан астам адам қаржылық сауатын арт­т­ырды. Олардың көпшілігі – 10 және одан да көп несие алған адамдар. Бұл жоба аз уақытта өзінің тиімділігін көрсетті. Үкі­мет­ке «AMANAT» партиясымен бірлесіп, оның ауқымын кеңейтуді тапсырамын. «Қа­рызсыз қоғам» жобасының игілігін бү­кіл еліміз көруі қажет, – деді Президент. 

Жобаның қаржылай қолдаушысы Халық банкінің басқарма тө­райы­мы Үміт Шаяхметова да өз кезегінде ел­дегі жетекші банк ретінде мұндай маңыз­ды бастамадан тыс қала алмайтынын ерек­ше атап өткен болатын. Басқарма төрайы­мы­ның айтуынша, елімізде 1,3 миллионнан 1,8 миллионға дейін проблемалы қарыз алушы бар. 

– Халықтың қаржылық сауаттылық дең­­­гейін арттыруға бағытталған қаржылық білім беру жүйесін қалыптастыру әсіресе шал­ғай аудандардың тұрғындары үшін аса маңыз­ды. Біз тек жобаны қаржыландырып қа­на қоймай, оқыту бағдарламасына тә­­жі­ри­белік білім мен кейстерді интег­ра­ция­лау­ды көздей отырып, сарапшы ретінде қа­тысуға дайынбыз. Біз әрқашан әлеуметтік маңы­зы бар жобаларды қолдауды өз мис­сия­мыз деп білеміз. Халық несие аларда тиім­ді мөлшерлеменің деңгейін түсінбей, мер­зіміне және несиені қайтару шарт­­та­ры­на назар аудармайтыны бар, соның сал­дары­нан несиені қайтаруда қиындықтарға ке­зігіп жатады. Тіпті, қарыздарын уақы­тын­да қайтара алмай проблемалы несие алу­шылар қатары өсіп отыр, – деді Үміт Шаях­метова.

Осы орайда «AMANAT» партиясы фрак­циясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев жоба аясында несие бойынша берешегі бар және борышкерлер тізімінде тұр­ған ауыл тұрғындары, дәл қазір қарызы бар және оның мерзімін өткізіп алған аза­маттар, сондай-ақ мемлекеттен жеңілдік­пен несие алуға үміткер мен ісін жаңадан бас­таған кәсіпкерлер оқудан өте алатынын айт­қан болатын. 

– Жобаның ең басты мақсаты – қаржы­лық сауаттылықты арттыру, ал ең негізгісі не­сие алып, қайтара алмай жүрген аза­мат­тар­ға көмектесу. Олар несие кіріптарлығы­на қалай түсіп қалғандарын өздері де бай­­­­­қамай, соңында оны өтеуге мүмкін­дік­тері жоқ, үш айдан астам кешігуі бар, бан­крот­тық туралы ойлай бастайды. Сондық­тан біз осындай қиын жағдайға кезіккен жан­дарды тығырықтан шығудың жолын қа­растырып, аталған жобаны қолға алдық, – деді.

Фракция жетекшісінің айтуынша, жоба қаржылық алаяқтықты азай­туға, қарыздың шектен тыс жиналуын бол­дыр­мауға және жалпы ауылдағы қар­жы­лық мәдениетті жетілдіруге көмектеседі. Қаржылық сауаттылық жөніндегі са­рап­шы, тренер Тимур Рахымжанов арнайы оқудан өткеннен кейін адамдар борыштық мін­деттемелерге жауапкершілікпен қарай­тынын айтады. 

– Бұл жағдайдың себептерінің бірі – сырт­тан таңылған тұтынушылық мінез-құ­лық моделі. Көптеген адамда қаржыны ұтым­ды пайдалану ұғымы жоқ. Қаржылай ауырт­палық эмоционалды қысымды да кү­шейтеді, адамдардың болашаққа деген се­німі әлсірейді. Бұл жоба халықтың қа­рыз­ға тәуелділігін төмендетуге алғашқы қа­дам жасауға бағытталған, біз қаржылық жауап­кершілікті үйретеміз, – деді ол.

Ауыл-аймақ тұрғындары интернет-ре­сурстарға қол жеткізе алмайтындықтан курс офлайн түрде ұйымдастырылып отыр. Бір жыл ішінде 80 мыңнан астам тұрғынды оқыту жоспарлануда. Бір топта 50 адамға дейін оқытылады. Оқудың ұзақтығы – 5 жұ­мыс күні.
Жобаға қатысушылардың 95 пайыздан ас­тамының банк пен микроқаржы ұйым­дарын­да берешегі бар. Қатысушылардың нә­тижесін талдау барысында кей отба­сында 5, 10 тіпті 16 несиеге дейін бар екені анықталған. Олар бір кредиттен құтылу үшін келесі кредитті алып отырған. 
Сарапшылар жыл соңына дейін елі­міз­дің 8 өңірін аралап, 80 мың адамды оқытып шы­ғармақ. Әлеуметтік жобаның бірінші ке­зеңінде Ақтөбе, Алматы, Түркістан, Сол­түстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жам­был, Атырау және Маңғыстау облыстарында ұйымдастырылып жатыр. Түркістан облы­сы бойынша «Қарызсыз қоғам» жобасының жетекшісі Жандос Әзімбай жоспар бойын­ша 12 650 адамды оқудан өткізу көзделгенін жә­не бүгінге дейін 9 397 адам оқуды бітіріп, сер­тификат иеленгенін жеткізді. 

– Бұл жерде халықты мазалайтын бас­ты сұрақ – банкке берешегінің көбейіп кет­кені. Осы қарыздардан қалай құты­ла­мыз, алдағы уақытта қарызға батпау үшін не істеу керек деп ойлайды. Оған қоса кә­сіп­керлік жағынан да көп сұрақтар туын­дап жатыр. Біздің сабағымыз 5 күн болады, түс­ке дейін тек қана теория оқытылса, түс­тен кейін әр қатысушымен жеке кон­суль­тация жасалып, бәрінің мәселелері қаралады», – деп түсіндірді оқытушы, қаржы сарапшысы Жандос Әзімбай.

Тренингке қатысушылар 5 күн ішінде жеке және отбасылық бюджетті құруды, несиесіз тауарлар мен қызметтерді алуды, не­сие мен қарыз тұзағына түспеуді үйре­не­ді. Несие нарығын талдап, дұрыс және тиім­ді шешім қабылдау үшін несиелеу шарт­тарын түсінеді. Қаржылық инвес­ти­циялық құралдарды жалған компаниялар­дың алаяқтық әрекеттерінен ажырататын бо­лады. Сондай-ақ жеке тұлғалардың бан­кроттық жағдайында өз құқықтарын қор­­ғай біліп, бизнес-жобалардың табыс­ты­лы­ғын анықтау үшін қаржылық есептерді жа­с­ау, қаржылық тәуекелдерді талдау, қар­жылық «қауіпсіздік жастықшасын» қалып­тас­тыруды меңгереді. 
Ең бастысы, олар отбасының әл-ау­қа­тын жақсартуға қажетті қаржы­лық сауаттылық саласындағы құзыреттерді арттырады. Несие алып, кәсіптерін дөңге­ле­­туді ойластырып жүрген жоба қатысушы­ла­рына бизнесті қалай бастауды, оның неге бағыттау қажеттігі мен бизнес-жоспар құ­ру­ды, сонымен қатар өз қаржысын тиім­ді басқару шығындарын оңтайландыруды үйре­тетін болады.
Болашақта ел экономикасын қа­лып­­тас­тыратын халықтың, жас ұрпақтың қар­жы­лық сауаттылық деңгейін арттыруға ба­ғыт­талған жобаға қатысқандардың бірі – Түр­кі­стан облысы Мақтаарал ауданы Иіржар ауыл­дық округі құрамындағы Наурыз елді ме­кенінің 34 жастағы тұрғыны Бөгенбай Шәм­шиев. Ол «Қарызсыз қоғам» жобасы ту­ралы әлеуметтік желі арқылы білген. Алға­шында тек бақылап жүрген ол уақыт өте келе өзіне пайдалы болатынын түсініп, са­баққа қатысуға бел буады. 

– «Қарызсыз қоғам» жобасы көп нәрсеге кө­зімізді ашты. Қаржы сарапшылары ауыл­да тұрып та ақша үнемдеуге болатынын көр­сетті. Оқытушылар бізге кәсіпті қалай бас­таудың жолдарын түсіндірді. Бұл кәсіп бас­тағысы келетін немесе кәсібін дамытуды көз­дейтін жастарға жақсы мүмкіндік деп ой­лаймын. Өзім осы курстан соң 21-35 жас ар­алығындағы жастарға берілетін 2,5 пайыз­дық несиеге өтініш беріп қойдым. Алдағы уақытта жеке кәсіппен айналысуды көздеп отырмын. 40 сағат алған теориялық бі­­лімімді кәсіп бастаған кезде тәжірибе жү­зінде қолданып, оқытушылардың үйрет­кені бойынша кіріс-шығыс есептерін жүр­гіз­бекпін, – деп ойымен бөлісті Бөгенбай Шәмшиев. 

Оның айтуынша, мұндай жобалардың қа­рапайым халыққа берері мол. Әсіресе, ауыл тұрғындарының құқықтық, қар­жы­лық сауаттылығын арттыруда маңызы зор. Бұл – бір несиеден құтылу үшін екіншісін ала­тындар немесе қарызын төлей алмай банк алдында борышкер болып жүрген­дер­ге таптырмас білім. Қарызды қайтарудың оңтай­лы жолдарын ұсынатын, ауыл хал­қының тұрмыстық әлеуетін жақсартуды мақ­сат тұтатын мұндай бастамалар жал­ға­сын тапса дейді кейіпкеріміз. 
Бізде қаржылық сауаттылық жөнінде қа­зақ тіліндегі контент өте аз екені рас. Әлеу­меттік желіде қаржы мамандары өз ал­дына курс өткізіп жатады. Алайда олар алыс аймақтарға барып тұрғындармен пі­кірлеспейді, өйткені қаржы сарап­шы­лары­ның көбі қалада тұрады. Сонымен қатар мұндай курстар интернет сапасы нашар шал­ғайдағы ауыл тұрғындарына қол­же­тім­ді емес. Онлайн білімнің берері аз, ал «Қа­рыз­сыз қоғам» жобасы офлайн өткізі­ле­тін­дік­тен сарапшылардың берген білімі мен кә­сіби кеңестері далаға кетпейді. Бір қы­зы­ғы, жобаға қатысқандар арасында жасы ег­де тартқан ата-апалар да бар екен. Соның бірі – 67 жастағы Қазығұрт ауданының тұр­ғыны Сағидулла Жұматаев. 

– «Қарызсыз қоғам» жобасы туралы «AMANAT» партиясы Қазығұрт аудандық фи­лиалының төрағасынан естідім. Өзім ау­дан орталығында тұрамын. 10 шақырым жер­де Ынталы ауылындағы сабаққа ерін­бей барып көрдім. Басында сын көзбен «Не ай­тар екен?» деп отырғаным рас. Алайда бірін­ші сабақ мен ойлағаннан да жақсы өтті, өзіме қатты ұнады. Ең алдыңғы қатар­ға отырып, сабаққа бір апта бастан-аяқ қа­тысып, тыңдап шықтым. Керек жерін өзі­ме түртіп жазып алдым. Бұл – дәл қазіргі қ­о­ғамға қажет жоба екен. Өзім де бұрыннан ысырапшылдықты жақтырмайтын едім. Осы сабақтан соң үнемдеуді, ысырап­шы­лық­қа жол бермеуді, қолда барды ұқсатуды, жоқ­тан бар жасауды меңгердім. 

70-ке тақаған шағында білім алған ақ­са­қал оқу ешқашан кеш емес екенін айтады. Ал­ған білімін кәдесіне жаратып, бала­лары­на шығынды қысқартып, табысты арт­тыру­дың жолдарын үйретіп, бағыт сілтеп отыр­ған жайы бар. Ақсақалдың айтуымен бір­не­ше танысы «Қарызсыз қоғам» жобасына қа­тысыпты. 

– Қазір не көп, той көп. Бұрын сенбі, жек­­­сенбі той болса, қазір аптаның жұмыс күн­­дері де той. Той өз әдебі, мәдениетімен өт­се қуанасың. Алайда қазақтың тойы да­ра­қылықпен, даңғазалықпен, бәсеке­лес­тік­пен, бақталастықпен өтетіні аз айтылып жүр­ген жоқ. Несиеге той жасап ала шапқын болған ата-аналарға кейде жаның ашиды. Той­ға кет­кен ақшаны жер, көлік, үй алуға жұ­м­­саса дей­сің. Несиеге той жасағандар ақ­­ша үшін ұр­сысып, кейін ажырасып жат­қан жағдай­лар­ды да көріп, естіп жүрміз. Сон­­да қаржы­лық білімнің жоқтығы ерлі-зайыптылардың ажырасуына алып келіп отыр. Сондықтан той өткізудің тәртібін бел­­гілеп, жүгенсіздікке жол бермей, шы­ғын­ды азайтатын кез келді. «Қарызсыз қо­ғам­ға» қатысқандар ендігі жерде шығы­нын азай­тып, табыс көзін арт­тыруға тыры­саты­ны анық, – деп түйіндеді ойын Сағи­дул­ла Жұма­таев.

Соңғы жылдары елімізде нақты сек­торға берілетін несие мөлшері азайып, банктер тұтыну несиесімен әуес­те­ніп кетті. Бұл жағдай отандық қаржы жүйе­сіне төнетін сын-қатерлердің көбе­юі­не, азаматтардың шектен тыс қарызға батуына алып келген болатын. Осы орайда ха­лықтың қаржылық сауаттылығын арт­тыруға бағытталған жоба ел игілігіне ай­нал­са дейміз. Қаржылық сауаттылығын же­тіл­дірген жұрт енді кәсібін дұрыс бағдар­лай білсе нұр үстіне нұр болмақ.