Солтүстік Қазақстанда барлық бағыттағы жолдар жабылды

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Солтүстік Қазақстанда барлық бағыттағы жолдар жабылды
el.kz

Солтүстік Қазақстан облысында ауа-райының нашарлауына байланысты барлық бағыттағы жолдарда көлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды, деп хабарлады turkystan.kz Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, жолдарда қатты жел, көктайғақ, боран, көріністің шектелуі сынды апатты-қауіпті жағдай қалыптасуда. Сағат 20.00-ден бастап облыстық маңызы бар және аудандық Есіл және Тайынша автожолдары жабылды.

Бұған дейін республикалық маңызы бар Петропавл-Соколовка-РФ шекарасы, Петерфельд-Архангельск-Новокаменка, Көкшетау-Рузаевка, Екатеринбург-Алматы, Жезқазған-Петропавл, Мамлютка-Қостанай, Астана-Петропавл, Челябі-Новосібір жол учаскелеріндегі барлық көлік құралдары үшін қозғалыс жабылған еді.