Қазақстанда жаңа «бокс патшасы» пайда болды

Ең мықты боксшыларының рейтингі жаңарды.

Қазақстанда жаңа «бокс патшасы» пайда болды
Satoshi Takahashi

Атақты BoxRec порталы салмаққа қарамастан (Р4Р) Қазақстанның ең мықты боксшыларының рейтингін жаңартты, деп жазады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Осылайша, Қазақстан боксындағы жаңа «патша» орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) болды.

Бұған дейін рейтингте бірінші орында Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) болған, қазір ол бір саты төмендепті. 

Үшінші сатыға жартылай орта салмақта өнер көрсететін Батыр Жүкембаев (22-1, 16 КО) жайғасты.