"Тас-түйін дайын": Дулат Бекбауовқа қатысты тың мәлімет пайда болды

Дулат Бекбауов 67 келі салмақта әлем және Азия чемпионатының күміс жүлдегері, халықаралық турнирдің жеңімпазы.

"Тас-түйін дайын": Дулат Бекбауовқа қатысты тың мәлімет пайда болды
Bassport.kz

Белгілі спорт менеджері, комбат джи-джитсу федерациясының вице-президенті Бақытбек Хамит ұлттық құрама мүшесі Дулат Бекбауовтың салмағына қатысты мәліметпен бөлісті, деп хабарлады turkystan.kz Bassport.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Дулаттың салмағы 63,5 келіге жақындап қалды. Лицензиялық турнир алдында бабын да, бағын да сынап көруге тас-түйін дайын отыр. Ескерту: Бабы келіп тұрғанына лицензия бұйырсын! 63,5 келіде бұрыннан жүрген жігіттерге де мотивация ғой бұл, әлем чемпионатының күміс жүлдегері күнде қарсылас бола бермейді. Лицензияға кімнің баратыны маңызды, баршаңызға сәттілік тілеймін», — деп жазды Бақытбек Хамит.

Айта кетелік, Дулат Бекбауов 67 келі салмақта әлем және Азия чемпионатының күміс жүлдегері, халықаралық турнирдің жеңімпазы.

Қазақстан Спартакидасында жеңіске жеткен соң, ол олимпиадалық салмақ — 63,5 келіге ауысатынын мәлімдеген болатын.