Мұхтар Шаханов «Жалын» журналын Жазушылар Одағына тапсырды

«Жалын» журналының бас редакторы болып жазушы, мәдениет қайраткері Құдияр Біләл тағайындалды.

Мұхтар Шаханов «Жалын» журналын Жазушылар Одағына тапсырды

Бұл туралы журналдың жаңадан тағайындалған бас редактор әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.

«Сіздермен бүгінгі күн жаңалығымен бөлісіп қойғанды жөн көрдік. Мұхтар Шаханов ағамыз өз басшылығындағы «Жалын» журналын Жазушылар Одағы қарамағына өз қалауымен тапсырды. Соған орай Жазушылар Одағының Басқарма төрағасы Мереке Құлкенов ағамыздың бұйрығымен журналдың Бас редакторы болып тағайындалдым. Журнал редакциясы да Жазушылар Одағының ғимаратына орналасты. Өз авторларымызды, бізді іздеген өзге де қаламгерлерді сол жерде күтеміз», - деп жазды қаламгер.

Айта кетейік, аталмыш журнал 1969 жылдан бері жарық көріп келеді.