Су ресурстары мен ирригация министрлігі ұлттық гидрогеологиялық қызмет құруды көздеп отыр

Сала өкілдерінің айтуынша бұл қызметтің ұтымды тұстары көп.

Су ресурстары мен ирригация министрлігі ұлттық гидрогеологиялық қызмет құруды көздеп отыр
Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы ОКҚ брифингінде ведомствоның ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Ұлттық гидрогеологиялық қызметтің арқасында ауыз сумен жабдықтау, суару және жайылымдық мал шаруашылығы үшін жер асты суларын ұтымды пайдалану мәселелері бақылауға алынады. Сондай-ақ іздестіру-барлау жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік мониторинг жүзеге асырылатын болады.

Қазіргі уақытта министрліктің негізгі күш-жігері өзендердің ағынын реттеу және тасқын суларды өткізу үшін барлық гидротехникалық құрылыс пен су қоймаларының қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.