Париждегі Помпиду орталығында Румынияда дүниеге келген заманауи мүсін өнерінің негізін қалаушылардың бірі ретінде танымал Константин Бранкузидің ең үлкен көрмесі өтті. Оған 200-ге жуық мүсін қойылды, деп хабарлады euronews.com.
Мүсінші Париж студиясында 1916 жылдан бастап 1957 жылы қайтыс болғанға дейін өз жұмысының көп бөлігін жасаған.
200-ге жуық мүсін, сондай-ақ фотосуреттер, суреттер, фильмдер, мұрағат материалдары, жиһаздар қойылған көрме 20 ғасырдағы ең маңызды мүсіншілерінің бірі суретшінің өміріне көз жүгіртуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ Бранкузи студиясынан табылған жұмыстар Tate Modern, MoMa, Guggenheim, Чикаго өнер институты, Румынияның Ұлттық Өнер Мұражайы және Крайова өнер мұражайы сияқты әлемдегі ірі мекемелерге уақытша берілген басқа жұмыстармен қатар қойылады.