«Алтын орда» базарының бұрынғы басшылығына халықаралық іздеу жарияланды. Желтоқсанның аяғында базар аумағында төрт адамға арналған бағыттама желімделді. Ілеспе ақпаратқа сәйкес, олар қылмыстық топ жасаған аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деп күдікке ілінген. Күдіктілерді «Алтын Орда» базары орналасқан Алматы облысы Қарасай ауданының криминалдық полиция бөлімі іздеп жатыр. Алматы облысының полиция департаменті аталған адамдардың іздестіріліп жатқанын растады.