Биыл түркология ғылымы үшін олжалы жыл болды. Олай дейтініміз – жақында даңқты қолбасшы, баһадүр Күлтегін мен Білге қағанның әкесі Елтеріс Құтлық қағанға арналған бітіктастың екінші бөлігі табылды. Мұндай маңызды жаңалық түркологияның дамуына айрықша серпін берері сөзсіз.