352 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

2024 жылғы 1 маусымда 352 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.Еңбекмині мәліметінше, 2024 жылғы 1 маусымда 66,5 мың отбасындағы 352,2 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалды. Биыл осы мақсатқа бюджеттен 60,8 млрд теңге қарастырылған. Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару. АӘК мыналарды көздейді: - табысы өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70% - нан аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау; - табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК (5 538 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. 2024 жылғы 1 маусымда АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 108,2 мың балаға 2,5 млрд теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды; - жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және өзге де шаралар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу. Қазір қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бишімбаев пен Байжанов ісі апелляция сатысында қаралып жатыр
Бишімбаевтың аппеляциялық соты тікелей эфирде жүріп жатыр
Мбаппе Еуро-2024 т урнирінде тарихи гол салды
"Ешкім шындықты естігісі келмейді". Бишімбаев апелляциялық сот отырысында мәлімдеме жасады
ЕО: Украина және Молдовамен мүшелік келіссөздерін ресми бастады
Алматыда жолаушылар мінген автобус жол апатына ұшырады
Енді зейнетақы қорындағы ақшаны ерте шешіп алуға болмайды: Үкімет түсінік берді
Ақын Бақыт Кенжеев дүниеден озды
Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Желіде Алматыда автобус дүкенге кіріп кетті деген ақпарат пайда болды
Зейнетақы қорындағы ақшаны ерте шешіп алуға тыйым салына ма
Жетісу ауданында өзен арнасынан ер адамның мәйіті табылды
Мәжіліс төрағасы Парламент палаталарының бірлескен отырысын қайта шақырды
Шымкентте есірткі зертханасы жойылды
ЕО Молдовамен де мүшелік туралы келіссөздерді бастады
2024-2025 оқу жылында қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?
Еуроодақ Украинамен мүшелікке келіссөздерін бастады
28 маусымда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Шымкентте есірткі зертханасы жойылды
Қытай Орталық Азия шиесін тұтынудың ең ірі нарығына айналды
Дағыстандағы лаңкестік әрекеттер: экстремистердің жаңа ұрпағы пайда болған
Алматы метросындағы ақша жымқыру ісі бойынша үкім шығарылды
Жетісуда 94 медициналық нысан бой көтереді
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров халықтан кешірім сұрады