«Starbucks», «Costa» деген кезде көз алдымызға әдемі бедерленген стакан, иісі аңқып, дәмі тіл үйіріп, ұйқыңды қашырып жіберетіндей күйге бөлейтін кофе елестейді. 2018 жылға дейін бұл тенденция санаулы жерлерде ғана бой көтерді. Қазақстандағы үлкен қалаларда енді-енді бастау алып, адамдарды дүңгіршек ішінде тұрып, тез-тез дайындап жіберетін кофеге үйрете бастаған баристалар соңғы жылдары жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақ секілді көбейді. …