Астанада медицина қызметкеріне қол жұмсаған жігіт бір жарым жылға сотталды. Іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралған. Іс материалдарына сәйкес, сотталушы Қылмыстық кодексінің 380-3-бабының 3-бөлігі (Медицина қызметкеріне зорлық қолдану) бойынша кінәлі деп танылды. Сот талқылауы кезінде сотталушы өз кінәсін толық мойындап, соттан өзін темір торға қамамауды өтінді. Алайда, жәбірленуші тарап (фельдшер) соттан айыптыға қатаң …