Ішкі істер министрлігі көлік құралдарын тіркеу, жүргізушілерді даярлау, емтихан қабылдау және жүргізуші куәлігін беру тәртібін реттейтін қағидаларға ауқымды түзетулер әзірледі. Жаңа талаптар құжаттар тізбесін кеңейтіп, емтихан мен қайта тапсыру мерзімдерін қайта қарастырады.