Солтүстік Қазақстан облысында айыппұл тұрағындағы көліктер сатылып жатыр. Өйткені Петропавл мамандандырылған айыппұл тұрағы автомобильдерге лық толғандықтан, басқа көліктерді қоятын орын жоқ. Ал сатылымға шығарылған машиналар он жылдан артық тұрып қалған ескі көліктер, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.