Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. Мәжіліс спикері Президентке конституциялық реформаларды одан әрі нақты жүзеге асыруға қатысты алдағы заң шығару жұмыстары жөнінде баяндады. Парламенттің төменгі палатасының төрағасы Мемлекет басшысына Мәжіліс депутаттары мен «AMANAT» партиясының мүшелері референдумның мән-маңызын түсіндіру науқаны барысында азаматтардан 20 мыңнан астам өтініш жинағанын айтты. Үкіметпен […]