Жеке кітапханамның бір бөлігін – атақты адамдар, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің еңбектері құрайтыны еске түседі. Көрнекті кітаптар қатарында – есімі мен еңбегі алыс-жақын елге кеңінен мәшһүр болған мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың «Өтті дәурен осылай» (1992), «Ақиқаттан аттауға болмайды» (1994) және «Елу жыл – ел ағасы» (2002) атты естеліктер мен сыр-сұхбаттар, деректер мен жыр-толғау, …