Даусыз дарын екенін бүкіл қазақ мойындаса да, әлі лайықты бағасын толық алмаған бір ақын бар. Ол – дауыл жырлар тудырған дауылпаз Дулат Бабатайұлы. Кеңес үкіметі кезеңіндегі зерттеулерде ақынға деген көзқараста біржақтылық орын алды. Дулат шығармашылығын зерттеушілердің ақынның елді бірлікке шақырған идеясын ғылыми талдап жеткіземіз деген талпынысы бос әурешілікке айналды. Большевиктік билік оған тек діншіл, ескішіл …