Ол шаршады. Шынымен-ақ шаршады. Әзелден айналысқан шаруамнан айнымаспын деген сертінен де қажыды. Күннен- күнге қадірі қашып, сыйлы болудан қалып барады. Айтқан уағызы, үйреткен ілімі кедергісіз өніп-көктеп, кенеусіз-ақ жайылып еді. Сарқылмас суат тапқандай жеті ықылым шөлдеп келіп, тегіс бұның сөзіне бас қойған.