ХХІ ғасыр өзінің қазақстандық қоғамғa және жалпы әлемдегі барша қоғамға алып келген жаңалықтарымен ерекшеленеді. Өйткені дүниежүзілік қоғамдық қауымдастықта жаһандану процесі жүріп жатыр. Осы арада мынaдай үрдісті де атай кеткен артық болмас. Қоғамда уестернизация (батыстану) дeген термин бар, бұл – бүкіл әлемді батыстың үлгісімен дамыту мүддесі. Жаһандану процесі өмірдің барлық саласын қамтиды, әрі одан тыс қалатын ел де болмайды. Себебі ешбір мемлекеттің оқшаулықта өмір сүруі мүмкін емес. Мәселен, осы тұрғыда қарасақ, ғаламдастырудың әрбір ұлттың әлеуметтік және рухани болмысына тигізетін әсерін тілге тиек етіп, өткір де өзекті мәселенің өзіндік салдарын қарастыру заңды құбылыс екені анық.