Қызылорда қаласындағы Ықсанов атындағы политехникалық колледждің директоры Бақыт Кенбаев білім мекемесінің техникасын жеке шаруаларына пайдаланады. Ал ер мұғалімдерді үйінің жұмысына жегіп қойған. Мұны Degdar-news.kz ақпараттық сайтының редакторы, тәуелсіз журналист Үйтолған Жареке әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. «Сізді басшылар оқиды ғой деп қарапайым қызметкер, жұмысшылар үмітпен жиі хат жолдайды. Солардың бірі Ықсанов атындағы политехникалық колледж басшысына қатысты. […]