Ақмола облысының бірнеше ауданында құрғақ өсімдіктің жану деректері тіркелді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы. Өрттер Ерейментау, Біржан сал, Целиноград, Қорғалжын, Ақкөл аудандарында және Степногорск қаласына қарасты Изобильное ауылында болған. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, елді мекендерге қауіп төнген жоқ. Өртті сөндіруге құтқарушылармен бірге орман шаруашылығы қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, шаруа қожалықтары, «Ауыл құтқарушылары» және «Қазавиаорманқорғау» бөлімшелері жұмылдырылды. …The post Ақмола облысында құрғақ шөп өртенді: 273 гектар аумақты жалын шарпыды appeared first on QANDASTAR.KZ.
Мәдениет