Алматы облысында полицейдің өліміне қатысты тергеліп жатқан қылмыстық іс бойынша күдікке ілінген жасөспірімдер сот шешімімен үйқамаққа алынды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы. Белгілі болғандай, кәмелетке толмағандарға қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретін электронды білезіктер тағылып, олардың тұрғылықты жеріне бейнебақылау жүйесі орнатылады. Бұлтартпау шарасы тергеу аяқталғанға дейін күшінде болады. Бұл туралы жасөспірімдердің қорғаушысы Гауһар Сарыева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. …The post Алматы облысындағы полиция өлімі: күдікті балалары үйқамақта болады appeared first on QANDASTAR.KZ.
Мәдениет