Астанада 27 мамырдан бастап бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталды. Қабылдау науқаны аясында елордадағы мектептердің біріне үшемнің құжат тапсырғаны белгілі болды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты қала әкімдігіне сілтеп хабарлады. Қала әкімдігінің мәліметінше, Күнтуған, Айтуған және Нұртуған Бақыт есімді ағайынды үшемдер жаңа оқу жылында мектеп табалдырығын аттайды. Олар Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде қазақ тілінде білім алады. …The post Астанада үшемдер бірінші сыныпқа құжат тапсырды appeared first on QANDASTAR.KZ.
Мәдениет