Қапшағай су қоймасында демалушыны құтқармақ болған Қонаев қаласының тұрғыны Андрей Козятинский қайғылы жағдайда көз жұмды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы. Оқиға 22 шілдеде болған. Мәліметке сәйкес, Андрей суға батып бара жатқан адамға көмектеспек болып, өзі судан шыға алмай қалған. Қайғылы жағдайға байланысты Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов әлеуметтік желіде көңіл айтып, марқұмның әрекетін нағыз ерлікке теңеді. …The post Қапшағайда демалушыны құтқаруға ұмтылған жігіт ажал құшты appeared first on QANDASTAR.KZ.
Мәдениет