Қостанайда медицина қызметкерін балағаттап, күш қолданамын деп қорқытқан зейнеткер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы. Облыстық соттың мәліметінше, оқиға 16 шілде күні «Биос» медициналық мекемесінде болған. 70-тен асқан ер адам дәрігерге құрметсіздік танытып, былапыт сөздер айтып, дене күшін қолданатынын айтып қорқытқан. Аталған факті бойынша оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 80-1-бабының 2-бөлігімен іс қозғалды. …The post Қостанайда дәрігерді ұрамын деп қорқытқан зейнеткерге 90 мың теңгеден астам айыппұл салынды appeared first on QANDASTAR.KZ.
Қостанайда дәрігерді ұрамын деп қорқытқан зейнеткерге 90 мың теңгеден астам айыппұл салынды
Мәдениет