1752–1754 жылдары қазақ әскерлері жоңғарларды Тарбағатай жотасының оңтүстігі мен солтүстігінен тықсыра қуып, Балқаш, Іле және Қаратал өзені бойындағы жоңғарларды ығыстырды. Оңтүстік жасақтың қолбасшысы Қабанбай батыр, Қаракөл, Нарын, Ұржар, Қатынсу, Алакөл, Барлықты жоңғарлардан босатып, солтүстік жасақ Бөгенбай батыр әскерімен кездесті.