Қарағандылық слесарь әуезді әнімен әріптестеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлап жүр. Газ желісінің қауіпсіздігін қадағалайтын өнерлі жігіт Диас Бөген ұжымды осылайша рухтандырады. Ерекше дауыс иесі көптеген әнді домбырамен нақышына келтіріп шырқайды. Музыкалық білімі болмаса да, өнерін өз еркімен шыңдап жүр. Осы уақытқа дейін бірнеше мәрте республикалық, облыстық ән байқауларының жеңімпазы атанды.
Мәдениет