Қазақстандық мұғалімдер осындай петиция жариялады. Олар сайлау науқандарына педагогтерді жұмылдыруға заңды түрде тыйым салуды талап еткен. Мұғалімдер мен тәрбиешілер өздерінің педагогикалық міндеттеріне кірмейтін жұмыстарға, соның ішінде ауыр дене еңбегіне, сенбіліктерге, сайлауалды шараларға тартылып жатқандарына наразылықтарын білдіреді. «Бізде саяси таңдау болмауы керек», – делінген петицияда. Сондай-ақ ұстаздар мен тәрбиешілер әлі күнге дейін мектеп әкімшілігінің түрлі бопсалауларына, […]