Астанада Түркия Президентінің жұбайы Эмине Ердоғанның қатысуымен «Нөлдік қалдық» (Zero Waste) халықаралық білім беру зертханасы салтанатты түрде ашылды. Жаңа экологиялық орталық Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің базасында Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TIKA) қолдауымен құрылды.