Қазақстанда алғаш рет республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Қатысушылар алты ай ішінде 15 кітап оқып, оқыған шығармалары бойынша пікір жазып, тестілеу мен зияткерлік квиздерге қатысады. Өңірлік кезеңде бірінші орын алған жеңімпазға 600 мың теңге беріледі, деп хабарлайды Newsroom.kz.