Желіде Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының мұғалімдері чатындағы жанжал қызу талқыға түсті деп хабарлады turkystan.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Чатта белгісіз әйел курсқа барлық мұғалім қатысуға міндетті екенін, тізімді тексеретінін, ақшаны қолма-қол алып келу керегін, 215 мұғалімнің 124-і ақылы жазылғанын айтады. «Ешқандай банк картасымен емес, төлемді өздеріңмен бірге алып келіңдер. Қатыспайтындар директордың қолы қойылған түсіндірме хат әкеліңдер», …