Алматы қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысында 200 мыңнан астам оқушы 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап бес күндік оқу аптасына көшеді. Сонымен бірге осы өңірлердегі 25 мыңнан астам мұғалім үшін сенбі демалыс күнге айналады. 5 күндік оқуға мектептер 100% көшеді, деп хабарлайды Zakon.kz.