Оқу-ағарту министрлігі білім беру ұйымдарына мониторинг жүргізу барысында 56 мектеп лицензиясыз жұмыс істегені анықтаған. Оның ішінде 40 мемлекеттік, 16 жекеменшік мекеме бар. 42 мектепке қатысты сот лицензиясыз қызмет көрсеткені үшін айыппұл тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.