Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде түлектерге диплом табыстаудың салтанатты рәсімі өтті. Университет үшін маңызды шараның құрметті қонағы — Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, Халықаралық инженерлік академияның академигі, ұшқыш, ерлік пен отансүйгіштіктің, ғылымға, авиация мен инженерлік іске деген адалдықтың символы Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров болды.