Республика күні қарсаңында өңірде Күршім ауданына қарасты Қыстау-Күршім ауылында 50 оқушыға арналған жаңа мектеп ашылды, деп хабарлайды Tizgin.kz. Оқу кабинеттерінде не бар Заманауи ғимарат жарты ғасырдан астам уақыт пайдаланылып, апатты жағдайға жеткен ескі мектептің орнына салынды. Енді ауыл балаларына жабдықталған оқу кабинеттері, зертханалар, спорт залы және мектепке дейінгі шағын орталық қызмет көрсетеді. Мәлім болғандай, бұрынғы …