Қобда ауданының Талдысай ауылындағы орта мектепте еңбек ететін ұстаз - өңірге танымал шеберлердің бірі. Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Бірлік Сұлтан сүйектен түрлі бұйым жасап, ел арасында ұмыт қалған қолөнер түрін қайта жандандырып жүр, деп хабарлайды Zakon.kz.