Қазақстандағы жоғары білім беру саласы соңғы жылдары көптеген өзгерістерді бастан өткеріп, сан түрлі жолдардан өтті. Тәуелсіздік алған тұста елімізде 61 жоғары оқу орны жұмыс істеген, ал кейінгі жылдардағы дерек бойынша олардың саны 129-ға жеткен. Қазақстанның жоғары оқу орындары мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде жоғары оқу орындарының студенттер құрамын қалыптастырудың жаңа үлгісіне көшкені белгілі.