Адамзат баласы ғылымсыз ешқандай жетістіктің болмайтынын ерте заманнан біліп, тұрмыс-тіршілігін жеңілдету үшін тоқтаусыз ізденумен келеді. Қазіргі уақыт білім мен ғылымның қарыштап дамыған кезеңі. Әлем елдері бір-бірінен ғылыммен ғана ерекшеленіп, бәсекеге түскен заман. Қай елдің ғылымы мықты болса, сол елдің мерейі үстем. Ғылым күллі әлемнің қозғаушы күші.