Құлшыныс көп болды. Енді есеп беретін уақыт келді. Рамазанның алғашқы он күні зулап өте шықты. Басында бәрі ерекше еді: жүрек жұмсарды, жоспар құрылды, ниет жаңарды. Бірі Құранды көбірек оқуға бекінді, бірі намазын түзеуге, енді бірі мінезін тәрбиелеуге уәде берді. Бірақ уақыт өте келе алғашқы әсердің буы басыла бастайды. Енді өз-өзімізге сұрақ қоятын сәт: осы он күн бізге не берді?