Римма Асқарова – көпшілікке қажетті кеңестерімен жігер сыйлап жүрген батыл қыз. 11 жасында бір көзін жаңа жылдық отшашуға күйдіріп алғанына қарамастан бүгінде ару бар қиындықтарды еңсерген. Анасының үмітін ақтап, білім алып, тұрмыс құрып, ана атанған ару өмірі мен өткен жолы туралы Stan.kz тілшісіне айтып берді.