Instagram-да миллионнан аса оқырманы бар танымал блогер Мерей Әбіловаға алматылық фотограф пранк жасады. Дәулет Бейсенбек 18 жастағы бойжеткенге 1001 раушан гүлін сыйлап, есімін жасырын қалдырған. Құны жарты миллион тұратын гүлдерді Мерейдің оқырмандары сатуға кеңес берген, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.