Facebook желісінде тағы бір діндар «данышпан» туралы видео шықты. Ол бейнежазбада халыққа тойда музыка ойналып, ән айтылса оны харам деп есептейтінін айтады. Сондай-ақ өзінің аты-жөнін атамаған сақалы сапсиған жас жігіт әйел мен ер адамның дастарханда бірге отырмау керектігін ескертеді.