Белгілі блогер, қоғам белсендісі Бердах Бекетовті бейбіт митингке қатысқаны үшін полицейлер ұстап әкетті. Қаңтардың 21-і күні ұлды болған Бердах перзентін көріп те үлгермеген. 22-сі күні оны құқық қорғау қызметкерлері ұстап әкеткен. Бердах Бекетовтің жақындары мән-жайды түсіндіріп, президент Тоқаевтан араша сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.