Актриса Жанель Мақажан бірінші күйеуімен ажырасуына не себеп болғанын түсіндірді. Айтуынша, экс-жары үйде жиі жанжал шығарып, тіпті, қол көтеруге дейін барған. Мұның барлығы Жанельдің қос жеткіншегіне кері әсер еткен. Бұл туралы Жанель Айнұр Ілиясованың MOM'sкий әңгіме подкастында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.