Қаңтар айының басында бейбіт митингіге шыққан халықты қолдаған Нұрлан Албан жоғары шенділер арасында өзін "жақтырмайтын азаматтардың" бар екенін айтты. Сөзіне қарағанда, бүгінде мемлекеттік мәдени іс-шаралар мен концерттерді ұйымдастырушылар оны "қара тізімге" енгізген. Бұл туралы Нұрлан Албан Дәнеш Асқарбекұлына берген сұхбатында айтты.