Еліміздің бас педагогі онлайн оқытуға үзілді-кесілді қарсы. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Zakon.kz-ке берген сұхбатында осындай ой айтты деп хабарлады turkystan.kz. Министр «Биыл эпидемиологиялық жағдай нашарласа, мектептер қашықтан оқытуы мүмкін бе?» деген сұраққа жауап берді. «Арасында болатын шектеулерге байланысты қашықтан оқытуға үзілді-кесілді қарсымын және бұл дәстүрлі оқытумен тең келмейді деп есептеймін. Бұл жерде мәселе тек білімде …