Қазақстан оқушылары математикадан IMO-2022 халықаралық олимпиадасында жүлдегер атанды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz. «Оқушыларымыз математикадан IMO-2022 халықаралық олимпиадасында үздік нәтиже көрсетті. Ұлттық құрамамыз 174 ұпай жинады, бұл – еліміздің осы олимпиадаға қатысу тарихындағы рекордтық көрсеткіші. IMO – әлемдегі ең беделді пәндік олимпиадалардың бірі. Президенттің тапсырмасы бойынша дәл осындай …